Ақпарат » Страница 71 » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 71
2023 жылы аттестаттаудан өтетін педагогтермен семинар-кеңес  өтілді.
30
декабрь
2022
2023 жылы аттестаттаудан өтетін педагогтермен семинар-кеңес өтілді.
Мектеп-гимназия бойынша  2023 жылы аттестаттаудан өтетін педагогтермен семинар-кеңес болып өтті. Семинар-кеңесте  «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары  мен шарттары» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №533 бұйрығы бойынша таныстырылым жасалып,  құжаттардың реттілі,  талапқа сай болуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
"Болашақ жастардың қолында" атты облыстық Пікірсайыс турнирі өткізілді
28
декабрь
2022
"Болашақ жастардың қолында" атты облыстық Пікірсайыс турнирі өткізілді
 ҚР Ұлттық Пікірсайыс федерациясы Жамбыл облыстық филиалы мен Жамбыл облысы әкімдігінің жастар басқармасының ұйымдастырумен "Болашақ жастардың қолында" атты облыстық Пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирдің мақсаты: Дебат қозғалысын насихаттау және қолдау. Аталған Пікірсайыс турнирінде мектеп-гимназиямыздың білім алушылары да бақтарын сынап, нәтижесінде 1) Абзалқызы Адал, 11 "А" сыныбы 2) Амангельды Асем, 9 "Г" сыныбы альфа-лигасында "Үздік фракция" номинациясын жеңіп алды. Сонымен бірге, білім
"Jambyl-tylek.kz" жобасы
26
декабрь
2022
"Jambyl-tylek.kz" жобасы
Керімбай атындағы #12 мектеп-гимназиясында "Мектепке тағзым!" акциясы және  "Jambyl-tylek.kz" жобасы аясында облысқа танымал азамат,Жамбыл облысы Кенен Әзірбаев атындағы филармонияның әнші- термешісі Әбдікерімов  Әділетпен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты : түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, танымал жамбылдықтардың өмірлік тәжірибелерімен бөлісу
Lesson Study зерттеу сабағы.
23
декабрь
2022
Lesson Study зерттеу сабағы.
Lesson stady сабағын Серғазықызы Анара өтті. Тақырып: Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу.  5 «Ж» сыныбында сыныптың белсенділігін арттыру мақсатында математика сабағында тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды.  “Шаңырақ” әдісі арқылы топқа бөлінді, “Көршіңмен бөліс” әдісі арқылы үй тапсырмасы тексерілді.  “Ыстық орындық ” әдісі арқылы өткен тақырыптарға шолу жасалынды.  “Кім жылдам?” әдісі арқылы есептер шығарып үш топ жарысты.  Кері байланысты “ Жаңа шырша” әдісі арқылы шыршаны безендірді.
Жас маманның әдіс алмасуы.
21
декабрь
2022
Жас маманның әдіс алмасуы.
Математика пәні сабағында 6 «А»сыныбына кері байланысты  «Mentimeter» қосымшасы https://www.menti.com/alynyi8nvsxn арқылы алдым.  «Мозайка» әдісін қолданып есептер шығартып сабағымды өттім
Lesson Study зерттеу сабағы.
19
декабрь
2022
Lesson Study зерттеу сабағы.
Сабақты зерттеудің келесі сабағын физика пән мұғалімі Әбдіқадір Арайлым өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар».  Бұл сабақта «Көр,жаз,тексер» әдісін қолдандық. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың ойын,қиялын,есте сақтау дағдысын қалыптастырады.  Сабақты бекіткенде, "Автор орындығы"әдісін қолдандық. Бұл әдіс оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. А оқушысы – жұпта жұмыс жасап, өзіндегі ақпаратпен бөлісуді үйренді. В оқушысында белсенділік пайда болып,
“Зерде” ғылыми жоба жеңімпазы.
15
декабрь
2022
“Зерде” ғылыми жоба жеңімпазы.
Обылыстық  “Зерде” ғылыми жоба ағылшын тілі пәні бойынша 1 орын.  Райымқұлова Дильназ 3Е сынып  оқушысы! Акерке әпкиіне рақмет.
Lesson Study зерттеу сабағы.
14
декабрь
2022
Lesson Study зерттеу сабағы.
Lesson Study таза сабақ Бірге бас қосу-бұл бастама, бірге болу-бұл прогресс, ал бірігіп жұмыс жасау-бұл ЖЕТІСТІК (Генри Форд)
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
13
декабрь
2022
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
     Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің теориялық білімін анықтап, кәсіби деңгейін арттыру мақсатында   мұғалімдерге  арналған I облыстық “Сөз мергені” топтық пән олимпиадасы болып өтті. Пән олимпиадасында мұғалімдер төрт кезең бойынша бақ сынасты.     "Тапқыр болсаң тауып көр”     "Кім жылдам ? ”     "Әдебиет танытқыш”     "Тіл-құрал”. Нәтижесінде, бас жүлдені  Тараз қаласысының педагогтары иеленді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы.
13
декабрь
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасы қолға алынған болатын. Осы орайда №12 мектеп-гимназиямызда 8 "Б" және 8 "В" сынып оқушыларының қатысуымен Шерхан Мұртазаның “Интернет наны” әңгімесі талқыланды. Мақсаты: 1.Білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастьыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету; 2.Кітаптың