Ақпарат » Страница 29 » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 29
«ART&SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫК» JAMBYL Book Fest»кітап фестивалі
25
апрель
2024
«ART&SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫК» JAMBYL Book Fest»кітап
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер жане құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен  2024 жылғы 23 сәуір күні «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде Дүниежүзілік кітап жөне авторлық құқықты қорғау күніне орай«ART&SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫК» JAMBYL Book Fest»кітап фестивалі өтті. Фестивалға белсене қатысқаны үшін Керімбай атындағы #12 мектеп- гимназия кітапхана меңгерушісі М.Р.Егембердиева, 8 “Г” сынып білім алушысы Аспандияр Мадияр және 4 “В” сынып білім алушысы Джексенби
"Жомарт түлек" жобасы
24
апрель
2024
"Жомарт түлек" жобасы
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының "Жомарт түлек" жобасы аясында мектеп-гимназия түлегі жеке кәсіпкер Ахметов Нурмахан Ғалымжанұлы келіп білім алушылармен кездесті.  
" Жалынды жастар - ел болашағы" атты тақырыбында дебат
23
апрель
2024
" Жалынды жастар - ел болашағы" атты тақырыбында дебат
Керімбай атындағы №12мектеп- гимназиясында 23.04.2024 ж. 24 сәуір- Халықаралық жастар ынтымақтастығы күніне орай  Д.А.Қонаев атындағы балалар кітапханасымен бірлесе отырып, " Жалынды жастар - ел болашағы" атты тақырыбында дебат түрінде достық көпірі ұйымдастырылып өткізілді.Өсіп келе жатқан өскелең ұрпақты Отанын,елін,жерін сүюге, тілі мен мәдениетін құрметтеуді, үлкенді құрметтеп, кішіні ізет етуді насихаттап мақсат еткен достық көпірінің 10 ,8- сынып білім алушыларына  берері мол болды.  
"Қызым саған айтамын..." тақырыбында қыздар жиналысы
22
апрель
2024
"Қызым саған айтамын..." тақырыбында қыздар жиналысы
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы "Қыз Жібек" қыздар клубының жоспарына сәйкес директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қапарова Қарлығаш пен педагог-психолог Жайшыбекова Жаннұр 9 сынып қыздарына "Қызым саған айтамын..." Тақырыбында қыздар жиналысын өткізді. Мақсаты білім алушыларды үлкенді құрметтеуге, жеке бас тазалығын сақтауға, адамгершілікке, ерте жүктіліктің алдын алуға шақыру.  
"Мамандық таңдауда ата- ананың рөлі" атты танымдық сағат
19
апрель
2024
"Мамандық таңдауда ата- ананың рөлі" атты танымдық сағат
Керімбай атындағы №12 мектеп- гимназиясында 2024 жылдың 12 сәуірінде 9 сынып ата- аналарымен "Мамандық таңдауда ата- ананың рөлі" атты танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: ата- аналар білім алушылардың  мамандық таңдауында қателеспеуіне ықпал ете отырып, олардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру, мамандықтар әлемінен ақпараттар беру. Танымдық сағатта ата- аналар балаларына мамандық таңдаудың ең маңызды рөл атқаратыны туралы пікір алмасты.
№12 мектеп-гимназия ұжымымен педагогтермен ақпараттық-түсіндіру семинары
18
апрель
2024
№12 мектеп-гимназия ұжымымен педагогтермен ақпараттық-түсіндіру
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназия ұжымымен педагогтермен аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу , қағидаттары мен шарттардың орындалуы бойынша  ақпараттық-түсіндіру жұмыстары  жүргізіліп, семинар өткізілді.  
13-15 жас аралығында қыздар жиналысы
17
апрель
2024
13-15 жас аралығында қыздар жиналысы
17 сәуір күні Керімбай атындағы 12 мектеп-гимназиясында "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында 13-15 жас аралығында қыздар жиналысы өткізілді. "ОКДМЦ САДЫХАН" орталығынан психолог Айкішева Аружан және акушер-гинеколог Қосыл Ақнұр Мейірханқызы келіп дәріс оқыды.  
"Қауіпсіз орта-бақытты балалық шақ"атты семинар тренинг
16
апрель
2024
"Қауіпсіз орта-бақытты балалық шақ"атты семинар тренинг
Мектептегі басқару ұйымындағы бала құқықтарын қорғау уәкілдері не арналған "Қауіпсіз орта-бақытты балалық шақ"атты семинар тренингке қатысқаны үшін мектеп президенті Нұрымбет Зарина Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Р.П.Қожамжарованың  сертификатымен марапатталды.
"Тоғыз айға 9 іс-шара" жобасы бойынша
15
апрель
2024
"Тоғыз айға 9 іс-шара" жобасы бойынша
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында "Тоғыз айға 9 іс-шара" жобасы бойынша 12 сәуір күні сағат 12:00-де Шахмат ойнау челленджі ұйымдастырылды. Мақсаты:  - Білім алушылардың шахмат ойнауға қызығушылығын қалыптастыру; - Білім алушылардың сыни және логикалық ойлауын дамыту; - Челлендж қатысушылары арасында қарым-қатынасты жақсарту; - Еліміздегі білім алушылар арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттау.
«Үздік бейнесабақ» байқауы
15
апрель
2024
«Үздік бейнесабақ» байқауы
Мұғалімдердің  кәсіби құзыреттілігін арттыру,  шығармашылық белсенділігін ынталандыру мақсатында қала мұғалімдері арасында «Үздік бейнесабақ» байқауы болып өтті.   Байқауға мектеп-гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімі Сұраш Наргүл қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, жүлделі  І дәрежелі дипломмен марапатталды.