22
январь
2026
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» – құқықтық сауаттылыққа бастар жол
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» – құқықтық сауаттылыққа бастар жол
Бүгін мектеп-гимназиямызда «Заң және тәртіп айлығы» аясында ұйымдастырылған
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы бойынша мазмұнды дебат ойыны өтті.
Іс-шараның ашылуында мектеп-гимназия директоры Абитова Қиял Шарипханқызы қатысушыларға арнап сөз сөйлеп, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздіктің өзектілігіне тоқталып, заңды білу мен сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Қиял Шарипханқызы өз сөзінде білім алушыларды интернетті жауапкершілікпен пайдалануға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға шақырды.
Аталған дебатқа мектеп-гимназиямыздың «Атамекен» дебат клубының белсенді мүшелері — Айғалиқызы Аяжан, Лесбек Айару, Тулеген Фатима, Байсеит Саида қатысып, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік, интернеттегі жауапкершілік және құқықтық сауаттылық мәселелері жөнінде өз көзқарастарын ортаға салды.
Дебат барысында білім алушылар заманауи қоғамдағы цифрлық мәдениеттің маңыздылығын атап өтіп, жеке деректерді қорғау, заңды сақтау және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық туралы нақты мысалдар келтіре отырып пікірлерін дәлелдеді. Қатысушылардың ойлау мәдениеті мен сөз саптауы жоғары деңгейде көрінді.
Іс-шараның басты мақсаты — білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру және цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету дағдыларын дамыту. Іс-шара соңында белсенділік танытып, мазмұнды пікір білдірген дебатқа қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
