20
ноябрь
2025
«Әдеп – ең қымбат мирас» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға әдептілік, адамгершілік, сыйластық ұғымдарының мәнін түсіндіру, ұлттық тәрбие негізінде мәдениетті мінез-құлық қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әдеп туралы ой-пікірлерін ортаға салып, күнделікті өмірде әдеп сақтау, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, қоғамдық ортадағы мәдени мінез-құлық жөнінде пікір алмасты. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен даналық сөздері мысалға алынып, тәрбиелік мәні кеңінен түсіндірілді.
Іс-шара соңында оқушылар әдептілік – қоғамның негізгі тірегі екенін түсініп, өзара сыйластық пен жауапкершілікке негізделген қарым-қатынастың маңызын түйіндеді.