1 Қазан – Халықаралық Қарттар күні
1 Қазан – Халықаралық Қарттар күні Бүгінгі күнді ерекше мәнмен атап өттік. Қарттар үйіне барып, ардақты аталарымыз бен әжелерімізге арнап шағын концерт ұйымдастырдық. Олардың жүзіндегі күлкі мен алғысы – біздің ең үлкен марапатымыз! Жан жылуын сыйлап, көңілдеріне қуаныш ұялата алғанымызға қуаныштымыз. Қариялар – біздің өткеніміздің айнасы, бүгінгі тәрбиеміздің темірқазығы. Оларға құрмет – парызымыз! ⠀ Барша қарияларымыз аман болсын! ⠀ #ҚарттарКүні #ҚарттарҮйі #Құрмет #Шүкіршілік #ІзгіІс