Дұрыс тамақтануды насихаттау - СШ №12 https://12-taraz.mektebi.kz/ ru Дұрыс тамақтануды насихаттау - СШ №12 DataLife Engine "Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" 5сыныптардан алынған диктант https://12-taraz.mektebi.kz/pitanie/drys-tamatanudy-nasihattau/1974-drys-tamatanu-densauly-kepl-5synyptardan-alynan-diktant.html https://12-taraz.mektebi.kz/pitanie/drys-tamatanudy-nasihattau/1974-drys-tamatanu-densauly-kepl-5synyptardan-alynan-diktant.html




]]>





]]>
admin Thu, 05 Dec 2024 13:21:56 +0600
Білім алушыларға "Тамақтан уланудың алдын алу" бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді https://12-taraz.mektebi.kz/pitanie/drys-tamatanudy-nasihattau/1961-blm-alushylara-tamatan-ulanudy-aldyn-alu-bojynsha-tsndru-zhmystary-zhrgzld.html https://12-taraz.mektebi.kz/pitanie/drys-tamatanudy-nasihattau/1961-blm-alushylara-tamatan-ulanudy-aldyn-alu-bojynsha-tsndru-zhmystary-zhrgzld.html Тамақтан уланудың алдын-алу 

Көктем, жаз айларында тамақтан улану­ жиі тіркеледі. Тамақтан, яғни астан улану – тағам арқылы берілетін этиологиясы сан алуан кеселдер тобына жатады. Тамақтан улану - табиғаты микробты және микробсыз болып бөлінетін, ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын, қарым-қатынас арқылы жұқпайтын ауру. Улану деген не? Жүрек айнуы, құсу, температураның көтерілуі, денедегі ауырсыну және бас ауруы – уланудың негізгі белгілері. Азық-түлікпен улану немесе тамақтан улану – сапасыз өнімдерді пайдаланудан болатын ауыр жағдай. Тамақтан улануға мерзімі өткен сүт өнімдері, нитраттары көп тағам өнімдері, жабық консервілер – бірден-бір себеп. Тамақтан улану кезінде іш ауырады, жүрек айнуы, құсу, іш өту, денедегі әлсіздік болады. Қазіргі уақытта адам кез келген жерден улануы мүмкін. Мысалы, белгісіз құрамды етпен дайындалған фаст-фуд тағамдары, салаттар, бәліштер және шаурма микроорганизмдердің ортасы саналады. Тамақ токсикоинфекциясы, яғни тағамнан улану микроорганизмдері, олар - стрептокококтар, стафилококтар, ботулизм бактериялары, шигеллалар, сальмонеллалар. Сапасыз тағамдар микробтардың көбеюіне, олардың уының пайда болуына жағдай туғызып адамдардың тамақтан улануына алып келеді. Микроорганизмдер сапасыз тамақ ішкеннен кейін, оған түскен микробтарға байланысты уланудың алғашқы белгілері тамақтан кейін бір-екі сағаттан кейін пайда болуы мүмкін, басқа жағдайларда олар қоздырғышқа байланысты 12 және одан да көп сағаттан кейін пайда болады. Уланған адамда жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, жиі (тәулігіне 10-20 рет) іш өту пайда болады. Адамның жалпы көңіл күйі нашарлайды: артериялық қысым төмендейді, пульс жиілейді, температура көтеріледі, кейде естен тану арқылы тырысулар пайда болуы мүмкін. Тамақтан улануды болдырмау үшін тамақтану гигиенасының, тағамды сақтау мен дайындаудың қарапайым ережелерін орындау қажет: - жеке гигиена ережелерін сақтау; - қолды жиі жуу, әсіресе қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін; - тамақ дайындау кезінде бір рет қолданылатын резеңке қолғапты қолдануға болады; - ас үй ыдысын, плитаны, үстелдің бетін, раковинаны, тақтайшаларды арнайы құралдармен жуу және таза ұстау; - тамаққа қолданылатын өнімдерді өңдеу және сақтаудың барлық ережелерін сақтау тиіс; - жаңа және дайын өнімдерді өңдеу үшін әр түрлі пышақ пен кесу тақтайларын пайдалану керек; - өнімдерді жәндіктер мен кеміргіштерден қорғау. Азық-түлік ашық жерде, еденде сақталмау тиіс; - өнімдерді ауаның түсуінен барынша оқшаулап, ыдысты қақпақпен жауып, ыдыс-аяқ пленкамен жабылу қажет; - қоқыс шелегін дезинфекциялау құралдарымен өңдеп, оны қақпақпен жауып, қоқыстан жиі босату керек; - ұсақ туралған ет пен балықты суда ерітуге болмайды; - барлық жұмыртқаның қабығын хлорамин ерітіндісімен немесе содасы бар жылы сумен жуыңыз. Таза судың мол ағынымен шайыңыз; - жеміс-жидектер мен көкөністерді сірке суы (1 литр суға 3-4 ас қасық) араласқан суға салып, содан кейін ағынды сумен жуыңыз; - қаны бар бифштекстерді, жұмыртқадан жасалған глазунь жемеген дұрыс; - дайын өнімдерді сақтаудың жалпы температурасы – +5 градус; - суық тағамдарды екі тәуліктен артық пайдаланбау керек; - ыстық тамақты екі сағаттан артық сақтамау керек; - тамақты қолмен аз ұстау керек. Тамақтан уланудың алдын алу, олардың салдарларымен күрескеннен гөрі, тамақ     сатып алудан бастап тамақтанғанға дейінгі барлық кезеңдерде алдын алу шараларын сақтау, тамақтан улануға жол бермейді. Супермаркетте сатып алуды азық-түлік емес тауарлардан бастаңыз, содан кейін салқындатылған сусындарға және құрғақ өнімдерге өтіңіз. Одан әрі жемістер мен көкөністер бөліміне, содан кейін салқындатылған ет бөліміне барыңыз, гастрономиялық сөреге тоқтаңыз, содан кейін тұтынуға дайын бірнеше өнімдер мен салқындатқыш сусындарды алыңыз. Соңғы кезекте мұздатылған  өнімдер мен ыстық өнімдер бөліміне барыңыз. Азық-түлікті арбаға немесе себетке салған кезде, суық және ыстық тамақты, сондай-ақ шикі және дайындалған азық- түлікті бөлек ұстауға тырысыңыз. Азық-түлікті қайдан сатып алсаңыз да, сатушы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Азық-түлікті сатып алған кезде мынаған назар аударыңыз: - өнімдердің орамасы зақымдалған жоқ па? - жемістер мен көкөністер соғылған емес пе? - жұмыртқалар сынған жоқ па, себебі олар тез бұзылады; - өнімнің орамасына салынған жарамдылық мерзімінің күнін қараңыз. Егер жоғарыдағы қасиеттердің бірі тамағмад болса, микробтардың көбеюіне мүмкіндік туады; – Консервіленген, кептірілген және мұздатылған өнімдерді белгіленген мерзімге дейін ғана қолданылады. Өнімнің сапасы (дәмі, сыртқы түрі және иісі) қолданылу мерзімі аяқталған соң нашарлайды. Тамақтан уланбау үшін азық-түлік сатып алғанда, сақтаған кезде және дайындаған мезетте алдын алу шараларын орындау қажет. Жазда азық-түлік өнімдерінің ластануына үлкен қауіп бар. Себебі шыбын-шіркейлер молаяды, олар микробтарды тасушылар болып саналады және күннің ысуы да себеп. Сатып алынған өнімдерді үйге тасымалдау да үлкен маңызға ие. Жазғы ыстық күндері автомобиль салонындағы температура 30°С және одан жоғары болуы мүмкін. Үйге барған кезде тамақ өнімдерінің бүлінбеу үшін желдеткішті қосыңыз немесе терезелерді ашыңыз, ал оралған өнімдерді күн сәулесінен тыс орналастырыңыз. Өнімдерді ыстық көлікте қалдырмауға тырысыңыз. Жазда өнімдерді тасымалдау үшін автомобиль тоңазытқышын пайдалануға болады. Тағамдарды жылумен өңдеу – тағамнан улануды болдырмаудың бірден-бір жолы. Алайда профилактикалық қауіпсіздік шаралары қаншалықты мұқият сақталса да, азық-түлік өнімдеріндегі микроорганизмдердің болатынын ескеру қажет. Сондықтан қауіпсіздік үшін жеткілікті жылумен өңдеу өте маңызды. Ең жақсы нәтиже пісіру (қыздыру біркелкі және +80°С (өнімнің ішінде) жетеді. Қуыру кезінде жоғары температураға өнімнің бетінде ғана, ал ішінде тек +60°С болуы мүмкін. Котлеттер, ет және балық фаршынан жасалған тамақтар, балық, ет кесектерін маймен 10 минут бойы қуыру қажет, кейін пеште немесе қақпақтың астында 5-8 минут қыздырылады (ет толық дайын болған жағдайда кесек қалыңдығындағы температура +80°С-тан төмен болмауы тиіс, бұл ас ортасын тескен кезде бөлінетін түссіз шырынды көрсетеді).Сондықтан да тиімді,денсаулыққа пайдалы ас ішіп,зиянды тамақтардан бас тартып,денсаулыққа көңіл бөлген жөн.

]]>

]]>
admin Fri, 08 Nov 2024 17:15:33 +0600
"Тамақтан уланудың алдын алу" тақырыбында аспазшыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді https://12-taraz.mektebi.kz/main/1849-tamatan-ulanudy-aldyn-alu-tayrybynda-aspazshylara-tsndru-zhmystary-zhrgzld.html https://12-taraz.mektebi.kz/main/1849-tamatan-ulanudy-aldyn-alu-tayrybynda-aspazshylara-tsndru-zhmystary-zhrgzld.html

Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының асханасы төменде айтылған  мәселелер бойынша мектеп-гимназия асханасында тамақтан улану фактілерінің тіркелуін болдырмау мақсатында асхана қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 



]]>
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы 

Тараз қаласының білім бөлімі

Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы»


Мектеп-гимназия асханасындағы тамақтан уланудың

алдын-алу


Тамақтан улану - белгілі бір микроорганизмдермен жаппай ластанған немесе құрамында микробтық немесе микробтық емес сипаттағы улы заттар бар тағамдарды тұтынумен байланысты аурулар. Тамақтан улануға ботулизм, стафилококкты токсикоз, сондай – ақ химиялық заттармен-ауыр металдармен, пестицидтермен және т. б. ластанған тағаммен улану жатады.

Тамақтан улану мен ішек инфекциясының алғашқы белгілері қауіпті тағамдарды қабылдағаннан кейін бірнеше сағаттан кейін немесе бірнеше күннен кейін пайда болуы мүмкін. Оларға келесілер жатады:

  • Жүрек айнуы, сұйық нәжіс
  • Құсу, дене температурасының жоғарылауы.
  • Іштің ауыруы, әлсіздік.


Оқушылар  арасында тамақтан улану фактілерінің тіркелуін болдырмау мақсатында қоғамдық тамақтандыру қызметкерлеріне қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық  талаптарын  мүлтіксіз орындауды талап етіледі, олардың негізгілері:

- мектеп асханасы қызметкерлері, педагогикалық және қызмет көрсетуші персонал жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтауға міндетті;

-асхананың үй-жайларын, тамақтанатын залды күнделікті тазалау, жуу және дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;

- тыйым салынған тамақ өнімдерін санитариялық ережелермен белгіленген өндіруге және сатуға жол берілмейді, мысалы: қуырылған жұмыртқа; күрделі (төрт компоненттен көп) салаттар және қаймақ пен майонезбен араласқан салаттар; пастерленбеген сүт, сүзбе және термиялық өңдеуден өтпеген қаймақ; суда жүзетін құстардың жұмыртқасы мен еті және т.б.

- тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс;

- тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады;

- тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау төмен температуралы тоңазытқыш жабдықтарында температуралық сақтау режимін сақтай отырып жүзеге асырылады;

- қоғамдық тамақтандыру бөлімшесінде шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің ағындарын бұзбайтын технологиялық процестердің реттілігі (ағыны) қамтамасыз етілуі керек;

- медицина қызметкері дайындалған тағамның сапасын күнделікті бағалайды, дайындалған тамақ өнімдерінің әрбір партиясынан тәуліктік сынама алынады;

- білім беру объектілерінің қызметкерлері мен қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерінің жұмысқа қабылданғаны туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары болуы керек;

- терінің іріңді аурулары, кесектері, күйіктері, жарасы бар, науқастар немесе жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар, сондай-ақ науқастармен немесе тасымалдаушылармен байланыста болған адамдар тиісті медициналық тексеруден өткенге және дәрігердің қорытындысына дейін жұмысқа жіберілмейді;

- асхананың бөлме жайлары мен қоймаларында жәндіктер мен кеміргіштердің болуына жол берілмейді.


]]>
admin Tue, 10 Sep 2024 15:00:54 +0600
09.09.2024 білім алушыларға берілген бер мезгілдік ыстық тамақ https://12-taraz.mektebi.kz/main/1845-09092024-blm-alushylara-berlgen-ber-mezgldk-ysty-tama.html https://12-taraz.mektebi.kz/main/1845-09092024-blm-alushylara-berlgen-ber-mezgldk-ysty-tama.html
]]>

]]>
admin Mon, 09 Sep 2024 09:44:13 +0600
5 сыныптар арасында Дұрыс тамамақтануға байланысты алынған диктант https://12-taraz.mektebi.kz/pitanie/drys-tamatanudy-nasihattau/1664-5-synyptar-arasynda-drys-tamamatanua-bajlanysty-alynan-diktant.html https://12-taraz.mektebi.kz/pitanie/drys-tamatanudy-nasihattau/1664-5-synyptar-arasynda-drys-tamamatanua-bajlanysty-alynan-diktant.html Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.


]]>


]]>
admin Tue, 05 Dec 2023 15:35:03 +0600
Тамақтан уланудың алдын алу үшін білім алушылар мен аспазшыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді https://12-taraz.mektebi.kz/main/1570-tamatan-ulanudy-aldyn-alu-shn-blm-alushylar-men-aspazshylara-tsndru-zhmystary-zhrgzld.html https://12-taraz.mektebi.kz/main/1570-tamatan-ulanudy-aldyn-alu-shn-blm-alushylar-men-aspazshylara-tsndru-zhmystary-zhrgzld.html







]]>







]]>
admin Wed, 08 Nov 2023 14:00:11 +0600
2023-2024 оқу жылындағы 1-4 сынып білім алушылары ыстық тамақпен қамтылды https://12-taraz.mektebi.kz/pitanie/drys-tamatanudy-nasihattau/1442-2023-2024-ou-zhylynday-1-4-synyp-blm-alushylary-ysty-tamapen-amtyldy.html https://12-taraz.mektebi.kz/pitanie/drys-tamatanudy-nasihattau/1442-2023-2024-ou-zhylynday-1-4-synyp-blm-alushylary-ysty-tamapen-amtyldy.html


]]>



]]>
admin Mon, 04 Sep 2023 17:25:44 +0600
Дұрыс тамақтану https://12-taraz.mektebi.kz/pitanie/drys-tamatanudy-nasihattau/1307-drys-tamatanu.html https://12-taraz.mektebi.kz/pitanie/drys-tamatanudy-nasihattau/1307-drys-tamatanu.html

]]>


]]>
admin Fri, 14 Apr 2023 17:21:57 +0600
Бір күндік тегін ыстық тамақ https://12-taraz.mektebi.kz/pitanie/drys-tamatanudy-nasihattau/1287-br-kndk-tegn-ysty-tama.html https://12-taraz.mektebi.kz/pitanie/drys-tamatanudy-nasihattau/1287-br-kndk-tegn-ysty-tama.html
]]>

]]>
admin Thu, 22 Dec 2022 09:38:50 +0600
Ыстық тамақтың сапасы туралы білім алушылардан алынған сауалнама қорытындысы https://12-taraz.mektebi.kz/pitanie/drys-tamatanudy-nasihattau/1220-ysty-tamaty-sapasy-turaly-blm-alushylardan-alynan-saualnama-orytyndysy.html https://12-taraz.mektebi.kz/pitanie/drys-tamatanudy-nasihattau/1220-ysty-tamaty-sapasy-turaly-blm-alushylardan-alynan-saualnama-orytyndysy.html
]]>

]]>
admin Thu, 29 Sep 2022 15:10:49 +0600