Жетістіктеріміз » Страница 7 » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Успешное поколение" клубы чемпион атанып, облыстық кезеңіне жолдама алды.
27
январь
2022
"Успешное поколение" клубы чемпион атанып, облыстық кезеңіне жолдама
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, ағымдағы жылдың 25-26 қаңтар күндері, Республикалық "Ұшқыр ой алаңы" Дебат турнирінің қалалық кезеңі өткізілді.  Өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл турнирге мектеп-гимназиямыздың "Зияткер жастар" және "Успешное поколение" Дебат клубтары да бақтарын сынап, нәтижесінде Орыс лигалары арасында "Успешное поколение" клубы чемпион атанып, облыстық кезеңіне жолдама алды. 1 орын алған
Іс-тәжірибе тарату
27
январь
2022
Іс-тәжірибе тарату
Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса,  ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы.  Солай болған соң,  ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.                            Ахмет Байтұрсынов.            Мектеп-гимназиямыздың басшысы Мұрат Жарылқапұлы бастап жиырма педагог өз іс-тәжірибелерін «КӨШБАСШЫ ҰСТАЗ» атты  республикалық ғылыми-әдістемелік журналда бөлісті. Журналдың
Құрманәлі Гүлзипа Қоғамқызы
27
январь
2022
Құрманәлі Гүлзипа Қоғамқызы
"ККО.КZ" веб-сайтымен ұйымдастырылған "Музыка" пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен Құрманәлі Гүлзипа Қоғамқызы марапатталды.  
Иген Сания
26
январь
2022
Иген Сания
Қазақ тілі  пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі диплом жеңімпазы Сания Иген  марапатталды.  
Анара Таалайбекқызы
25
январь
2022
Анара Таалайбекқызы
Математика пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасының І дәрежелі диплом жеңімпазы Анара Таалайбекқызы марапатталды.
Еліміздегі үздік педагогтердің эстафетасы
19
январь
2022
Еліміздегі үздік педагогтердің эстафетасы
Виртуалды білім беру бағытының аясында Еліміздегі үздік педагогтердің эстафетасына белсене қатысқаны үшін Анарбай Индира Асанқызы Құрмет грамотасымен  марапатталды.
Шартыкбаева Жанат Кеулимжаевна
17
январь
2022
Шартыкбаева Жанат Кеулимжаевна
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Ұлы дала елі» V Республикалық этномәдени Форумының "Таусылмас Бұлақ" бағыты бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Шартыкбаева Жанат Кеулимжаевна марапатталды.
Ғылым таппай мақтанба, адам болам десеңіз?
27
декабрь
2021
Ғылым таппай мақтанба, адам болам десеңіз?
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұйымдастыруымен өткен «Ғылым таппай мақтанба, адам болам десеңіз?» тақырыбында жас ғалымдар арасында ғылыми практикалық конференция болып өтті.     Конференцияға мектеп-гимназиямыздың білім алушылары қатысып,  жүлделі орынды иеленді:  Көмекбаева Балжан-ІІ орын,  жетекшісі Шартықбаева Гаухар;  Сейсенбай Мухаметали-ІІІ орын,  жетекшісі Жампозова Динара.  Білім алушыларымыздың білім қуған қанаттары талмасын, тек биікке самғасын!
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық әлемі
20
декабрь
2021
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық әлемі
Керімбай атындағы 12 мектеп-гимназиясының 11"ә" сынып білім алшушысы Саден Нұрсұлу Халықаралық Тараз инновациялық институтында ағартушы, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай "Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық әлемі" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына белсенді қатысып, жоғары дәрежеде баяндама жасағаны үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңістеріміз көбейе берсін!
Тәуелсіздік толғауы» атты патриоттық ән байқауы
27
ноябрь
2021
Тәуелсіздік толғауы» атты патриоттық ән байқауы
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген қалалық «Тәуелсіздік толғауы» атты патриоттық ән байқауында лауреат атанған Нұралы Әйгерім ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Құрманәлі Гүлзипа.