Мектепішілік пәндік олимпиада!
Мектеп-гимназиямызда информатика пәнінен 5-ші сыныптар арасында мектепішілік пәндік олимпиада болып өтті. Олимпиадаға жалпы 14 білім алушы қатысып, 6 білім алушы жүлделі орын иегерлері атанды. Атап айтсақ: 1 орын - Нұрбек Есқат, 2 орын- Жомартқызы Жайна,Тулеген Батыр, 3 орын- Али Ернар,Мақсатұлы Марат, Бахыт Арайлым. Мектеп- гимназиямыздың әдіскері Салтанат Альмухаммедқызы білім алушыларды марапаттап, алда биік белестерді бағындыруға өз тілегін білдірді.