03
февраль
2022
«Инновациялық білім беру –іскерліктің жаңа түрі» тақырыбындағы қалалық вебинар
ЖЕТЕКШІ МЕКТЕП-ЖЕҢІСТІКТЕР АЛАҢЫ!
Жетекшілік бұл адамдарға әсер ету процесі, жүйелі формальды емес қарым қатынастың жемісі. Жетекші мектептің қызметі-дайын білімді тереңдетуге және жетілдіруге бағыт беру, кәсіби дамуға ықпал ету, серіктес мектептерге қолдау көрсету. Басты ұстанатын қағида білім сапасын жақсарту, өзгерістерге ашық болу, сол бағытта белсенді жұмыс жүргізу, шаралар жоспарлау, үнемі ізденісте болу, кәсіби дамуға ерекше көңіл аудару.
Мектеп-гимназия жетекші мектеп ретінде серіктес мектептер жұмысын тиімді үйлестіру бойынша тәжірибе алмасу, жаңа идеялар жинау, көшбасшылық арқылы кәсіби серіктестік орнатудағы мүмкіндіктерін барынша ұйымдастырып келеміз. Соның бірі бүгінгі «Инновациялық білім беру –іскерліктің жаңа түрі» тақырыбындағы қалалық вебинары. Вебинардың мақсаты : инновациялық қызметте оқу ісін дамыту,педагогтың кәсіптік шеберлігін арттыру; шығармашылық жұмыс жүргізу бойынша тәжірибе алмасу. Вебинар тақырыптары теориялық жағынан да, тәжірибе жағынан да туындаған көп сұраққа жауап болды. Вебинарда өз тәжірибесімен бөліскен мектеп-гимназия тренерлері Гаухар Кеулимжайқызы, Гүлзейнеп Бақтиярқызы және «Өзгеріс енгізу» тобының мүшелері Жанат Кеулимжайқызы, Назерке Мұратқызы.
Әріптестерімізге жұмыстарына сәттілік, жаңа кәсіби жеңістер тілейміз. Алар асуларыңыз бен шығармашылық белестеріңіз көп болғай!