09
сентябрь
2021
Тілдер мерекесі
"Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек", – деген Ахмет Байтұрсынұлы.
Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық.
Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Осы мақсатта мектеп-гимназияның тәрбие жоспарына сәйкес "Тіл-татулық тірегі" атты мәнерлеп оқу байқауына 5-сынып білім алушылары да белсене ат салысты.
Ең тәтті де – тіл,
Ең ашты да – тіл,
Ең жұмсак та – тіл,
Ең катты да – тіл.
Тіл – ұлттың жан дүниесі.
Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.
Тіл
Ұлы, құдіретті;
Көмектеседі, үйретеді, ұлықтайды;
Біздің болашағымыз – ана тілінде!
Рухани байлық.