ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШ - ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗ АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15 қаңтар күні - Керімбай атындағы № 12 мектеп-гимназиясында “Отан алдындағы борыш - қасиетті парыз” атты кездесу өтті. Кездесуге Жамбыл облысы бойынша “Германиядағы Кеңес әскерінің тобымен Варшава Келісім шарты әскерінің тобы” Ардагерлері РҚБ ардагерлері Құдайкулов Кеңесбек, Жолдасов Бақытжан, Далишев Жаңабек, Абдікерім Амантай және Запастағы сержант Максимбекұлы Марсель спикер болып, әскердегі оқиғалармен қызықтарды бөлісіп оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, мотивациялық кеш сыйлады.