Бос жұмыс орны » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос жұмыс орны
09
декабрь
2024

Бос жұмыс орны

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ КЕРІМБАЙ АТЫНДАҒЫ №12 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КММ

БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.


    Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы 22 желтоқсан 2022 жылғы№513 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі. 

   Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» және мектеп-гимназияның ресми сайты мен әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.

   Конкурс төмендегідей негізгі бос орындарға жүргізіледі:


Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы» КММ.

 Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №77 үй.

Анықтама, байланыс номері: 43-77-67.

Электрондық пошта: 12_shkola@mail.kz

            1. Мектеп-гимназия  директорының ғылыми әдістемелік ісі  жөніндегі орынбасары (1 бірлік  жүктеме).

            Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін және соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілін растайтын құжат; оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" санатының болуы, мамандығы математика және информатиканы меңгерген маман болуы;

            Білуге міндетті:Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды

            Лауазымдық міндеттері: оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша педагогтардың жұмысын, сондай-ақ қажетті құжаттарды әзірлеуді үйлестіреді. Педагогтердің қысқа мерзімді жоспарын тексереді, басшылыққа бекітуге келіседі және ұсынады; Білім беру процесінің сапасын және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады; ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады. Білім беру үдерісіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және іске асырады, білімді шектеуді өткізеді, мектеп ішілік бақылаудың нәтижесі бойынша білім сапасын, бөлімді және тоқсанды суммативтивті бағалауды талдайды. Пән бойынша білімді тематикалық бақылаумен қамтамасыз етеді. Білім алушылардың оқу жүктемесін бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және жұмыс оқу жоспарының вариативті компонентінің сабақтарының кестесін жасайды. Білім алушылар мен педагогтардың олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады. Білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады,ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді. Күнделік пен ҰБДҚ бойынша жұмыстар жүргізу. Педагогикалық кадрларды іріктеуге қатысады. Тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санатын беру (растау) бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқу зертханалары мен кабинеттерді қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықтау, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру бойынша ұсыныс береді және жұмысты жалғастырады, баламалы оқулықтарды іске асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді алуға өтінімді ұйымдастырады, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстар, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру. Кітапхана қорын қажетті әдебиеттермен толықтыруға жыл сайын өтінімді енгізеді. Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Белгіленген есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді. Кері байланысты ұсына отырыппедагогтердің сабағына қатысады және талдау жасайды. Оқу процесін жетілдіру бойынша тренингтер, оқыту семинарларын, оқу әдістемелік сағаттар өткізеді. Педагогикалық кеңестің тәртібі мен материалдарын әзірлейді. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

  2. Еңбек ақы төлеу мөлшері, шарттары белгіленген бос немесе уақытша бос лауазым атауы:

    Мектеп-гимназия директорының ғылыми әдітемелік ісі жөніндегі орынбасары ( бос орын-1 бірлік жүктеме), еңбек ақысы-160000-170000тг аралығында.

3. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың  09 - 18 желтоқсан аралығында. 

     Конкурс өткізу күні: 20 желтоқсан  2024 жыл. 

4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 118- тармағына сәйкес (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) жүргізіледі.

118-тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі: 

  1. осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың 

тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 

  1. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды

 құжат (идентификация үшін); 

  1. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы 

нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

  1. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға 

қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 

6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы»

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 

2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175 /2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша 

денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 

8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 

9) біліктілік санатының (педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер)

болуы туралы куәлік; 

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына 

кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 

11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут,

 ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480. 

12) Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне 

қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен

 атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары 

туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) 

ұсынады.


            Конкурстық құжаттар Тараз қаласы, Төле би көшесі №77 мекен-жайында орналасқан «Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының» қабылдау бөлімінде қабылданады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив