11
октябрь
2024
"Қыздар сұлу көрінен қылығымен" дөңгелек үстел
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз - ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді.
Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. Осы орайда мектеп-гимназия тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес 11 қазан халықаралық "Қыздар күніне" орай «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Шараның мақсаты: Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру. Әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Шараға мектеп-гимназия медбикесі Бектияр А.
«Қыз Жібек» қыздар ұйымының жетекші Қызырқызы А.
Мектеп-гимназия педагог-психологы Сембаева А. қатысты.
Шара барысында оқушы қыздарға тақырып аясында ашық әңгімелер, сұрақ-жауаптар жүргізіліп, түрлі кеңестер берілді.