
Құрметті ата-аналар!

Балаларды 1-сыныпқа дайындау мақсатында, 2024 жылдың 15-25 тамыз аралығында Керімбай атындағы #12 мектеп —гимназияда «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстарын өткізу жоспарлануда.

Мақсаты: балалардың мектепте оқуға ынтасын, зияткерлік, эмоционалды-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, 1 сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету, қысқа мерзімді дайындық процесі балалардың мектепке бейімделуін жеңілдетеді, сондай-ақ педагогтердің болашақ оқушыларымен жақынырақ танысуына көмектеседі.

Ескерту: Толық мәлімет алу үшін сынып жетекшіге хабарласуларыңызға болады. Бағдарлама бойынша сабақтар күн сайын 30 минуттан 10 минуттық үзілістермен өткізіледі.
