02
февраль
2024
«Бастауыш, гуманитарлық және ғылыми-жаратылыстану» бағыты бойынша ББЖМ-ге әдістемелік қолдау көрсетілді
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның педагогтеріне «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушылары оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуге дайындық бойынша жаңа әдістемелерді қолдануға практикалық көмек көрсету мақсатында «Бастауыш, гуманитарлық және ғылыми-жаратылыстану» бағыты бойынша ББЖМ-ге әдістемелік қолдау көрсетті.
Семинар барысында ББЖМ мазмұны мен құрылымы, функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды іс-тәжірибеде қолдану, оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуге дайындық мәселелері талқыланды.