03
ноябрь
2023
«Ақыл айтпа, жол көрсет» тақырыбында ата-аналарға курс өтілді
Керімбай атындағы 12 мектеп - гимназиясында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы 5 сыныптың ата-аналары үшін «Ақыл айтпа, жол көрсет» атты тақырыбында курс өтілді. Тақырыпқа сай слайдтар дайындалып, сынып жетекшілер ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысымен таныстырды. Ата-аналарға бала тәрбиесі туралы әртүрлі ситуациялық тақырыптар беріліп, видеороликтер көрсетіліп талқыланды. Ата-аналар да өз тараптарынан балалардағы кейбыр қиыншылық туғызып жатқан мәселелерді ортаға салып, шешімдерін бірге шығарды. Сабақ барысында әртүрлі ойындар, тренингтер жүргізілді.
Кері байланыс quizizz.com платформасы арқылы алынды.Себептермен мектепке келе алмаған ата-аналар Zoom платформасы арқылы қатысты.