20
октябрь
2023
Көркем-еңбек, музыка пән бірлестігінің онкүндігі
Жақсы мұғалім – шәкіртіне есік ашады
Музыка пәнінің мұғалімі Құрманәлі Гүлзипа 3 «Д» сыныбымен «Терме-нақыл, өсиет» тақырыбында ашық сабақ өтті. Қазақтың ұлы термешілері мен заманауи термешілерге тоқталып, шығармаларымен таныстырды. Аспапта «Жақсы менен жаман» әнін орындап, терменің мән-мазмұнына тоқталды. Сонымен қатар Майлықожаның «Ата-ананың қадірі» термесін тыңдатып, білім алушылардың ойларын ортаға салды. «Мозайка» әдісі арқылы берілген қималардан терме ішіндегі нақыл сөздерді тауып пікірлерін білдірді.