19
октябрь
2023
"Арнайы қонақ" жобасы
Сәрсенбаев көшесі 8б-21 мекенжайда тұратын 1"Г" сыныбында оқитын білім алушым Түсебай Нұрсұлтанның үйіне қонаққа бардым.
Бару мақсатым-Нұрсұлтанның отбасымен жақынырақ танысу, сабаққа дайындалатын жеке бөлмесін көру, үйдегі Нұрсұлтанның қандай екенін білу. Нұрсұлтан-қағілез, ашық жарқын мінезді, бауырмашыл, өте ақылды бала. 4 сыныпта оқитын Ақерке есімді әпкесі бар.Анасы Аида үй шаруасымен айналысады, әкесі ТОО"КарТел"де қызмет атқарады. Әлеуметтік жағдайы өте жақсы. Нұрсұлтанның сапалы білім мен саналы тәрбие алуы үшін бүкіл жағдай жасалған. Жеке бөлмесі кең, таза, оқуға қажетті барлық заттар бар. Анасымен Нұрсұлтан жайлы толық сөйлесіп, мен үшін беймәлім біраз заттарды біліп қайттым: футбол және сурет үйірмесіне қатысатынын білдім.
"Арнайы қонақ" жобасы бойынша сыныбымдағы барлық балаларды жақынырақ танығым келеді.