11
январь
2023
"Баланың бас ұстазы-Ата-ана" атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өткізілді.
Керімбай атындағы 12 мектеп - гимназиясында "Үштік одақ: ата-ана,оқушы, мұғалім" атты жүргізіліп жатқан жоба аясында жаңа форматтағы мектепішілік 10-сыныптар арасында "Баланың бас ұстазы-Ата-ана" атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өткізілді.
Балаға жауапкершілікпен қарап,оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде басты жауапкершілік отбасы. Бала тәрбиесі-бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның абыройлы міндетті екенін. Баланы тәрбиелеуде ата-ана мен ұстаздарымыз бірлесе отырып жұмыс жүргізудің тиімді тұстарын ортаға салуды мақсат еткен бұл жиналыстың берері мол болды.
Тапсырмалар орындауда белсенді болған ата-аналар білім беру мен тәрбиелеуде қажырлы еңбек етіп жүрген мектеп-гимназия ұжымына алғыстарын білдірді.