03
март
2023
"Шын жүректен" атты мерекелік кеш өткізді.
Керімбай атындағы #12 мектеп- гимназиясында көктемнің шұғылалы күндерімен қатар келетін 8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай тарих пәнінің мұғалімі Жампозова Динара Қабылғалиқызы 7 "г" сыныбымен "Шын жүректен" атты мерекелік кеш өткізді. Аталмыш кеште білім алушыларымыз Аналарына арнап өлеңдер оқып,көріністер қойып,күй шертіп, әндерін айтып,би биленді. Сонымен бірге ізгі тілектерін өздерінің салған суреттер көрмесі арқылы да білдіре білді. Келген аналарымыз да шәкірттерін үнемі үздіксіз білім нәрімен сусындатып және тәрбиелеуде алтын уакытын сарп ететін ұстаздар қауымына алғысын білдірді.
Білімді де өнерлі шәкірттеріміз көп болсын!