20
июнь
2023
"Жомарт түлек" жобасы аясында 30 жыл бұрын бітірген түлектеріміз мектеп-гимназияға 20 киелі домбыраны сыйға тартты.
"Жомарт түлек" жобасы аясында Керімдай атындағы №12 мектеп-гимназиясын 30 жыл бұрын бітірген Жамалов Талғат Салханұлы бастаған түлектеріміз мектеп-гимназияға 20 киелі домбыраны сыйға тартты.
Қазақ халқының төл өнері жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен домбыра еске түседі. Домбыра – қазақ халқының асыл қазынасы. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар
Қазақ ежелден қуаныш пен қайғыны, жақсылық пен жамандықты қара домбыраның үнімен жеткізген. Көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлі "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра" деп жырлаған ішекті аспап.