26
октябрь
2022
Менің Отаным-Қазақстан!
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында "Республика күніне" байланысты "Менің Отаным-Қазақстан" атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға "Арай" жастар газетінің тілшісі Қ.Қарасаева, облыстық Абай мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Құлекеева, Қамқоршылық кеңес төрағасы А.Қартабаев, мектеп-гимназия түлегі, ақын "Шерхантану" орталығының қызметкері Д.Апбасов шақырылды. Іс-шара бес бөлімнен тұрды.
І бөлімде қонақтарды мектеп-гимназия жас тілшілері қызықты сұрақтарымен қарсы алды.
ІІ бөлім "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 4 сыныптар Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" шығармасын талқылап дөңгелек үстел өткізсе, 9 сыныптар "Асыл сөзді іздесең кітап оқы" тақырыбында тренинг сабақ өткізді.
ІІІ бөлімде Өзін-өзі басқару ұйымы логикалық ойындар көрсетті.
ІҮ бөлімде "Атамекен" интеллектуалды пікірсайыс клубы "Бұл палата Республика күнін тойлаудың жаңа механизімін ұсынады" тақырыбында пікірталасты.
Ү бөлім Мерекелік концертпен қорытындыланды. Келген қонақтарға алғыс білдіреміз.