22
апрель
2022
Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай қалалық сайыс
Сәуір айының 22 күні Тараз қаласында ардагерлер алқасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 77 жылдығына және ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуына орай "Есті ене, көргенді келін" атты қалалық сайыс өткізілді. Мақсаты: ықылым заманнан бері ата-бабаларымыз отбасындағы тәрбие мен сыйластыққа, бірлікке, татулыққа ерекше мән берген ене мен келін арасындағы байланыстың өзара үйлесімдік тауып, шаңырақтың шырайын келтіруіндегі тәрбиені насихаттау. Байқауға қатысушылар алты кезең бойынша өнерлерін ортаға салды. Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясынан да ұжымның қолдауымен математика пәнінің мұғалімі Қарабаева Гульмира мен келіні Айдана қатысып,жүлделі lll орын иеленді.Мектеп-гимназиямыздың мерейін үстем еткен жүлде иегерлерін марапатымен құттықтай отырып,шығармашылық табыс тілейміз!