10
февраль
2022
Білім алушыларымызға сәттілік!
Ағымдағы жылдың 14 ақпаны мен 19 ақпаны аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілмек. Осыған орай мектеп-гимназия бойынша 12 пәннен (математика, қазақ тілі, орыс тілі, информатика, өзін өзі тану, ағылшын тілі, география, химия, биология, физика, тарих, құқық ) олимпиадаға қатысатын білім алушылар және олардың жетекшілерімен кездесу болды. Кездесуде директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Салтанат Альмухамедқызы 2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың II (қалалық) кезеңін ұйымдастыру және өткізу тәртібімен, өткізу кестесімен және олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысушыларға арналған нұсқаулықпен таныстырып, фото, бейне түсірілім және жеке деректерді өңдеу бойынша ата-аналардан КЕЛІСІМ болуы керекті айтылды. Білім алушыларымызға білім қуған қанаттары талмай, жүлделі орындардан көрінуді тілейміз!