08
февраль
2022
Кешегі түлек-бүгінгі Ұстаз
Рухани жаңғыру"бағдарламасы аясында Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында "Zhambyl-tulek".kz жобасы бойынша 08.02.2022ж. "Кешегі түлек-бүгінгі Ұстаз" тақырыбында мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: түлектердің туған жеріне, білім ордасына деген құрметін көрсету, өскелең жас ұрпаққа өздерін үлгі ету. Бұл кездесудің ерекшелігі өзі түлеп ұшқан ұясына қайта оралған түлектердің ұстаздық жолын өз білім ордасында бастауы. Атап айтсақ, Айдарбекова Айгуль технология пәнінің мұғалімі және физика пәнінің мұғалімдері Марқабай Мұхамед-Али, Әбдіқадыр Арайлым сынды ұстаздар. Сұхбат барысында түлектер мектеп кезеңіндегі естеліктерге тоқталып, мақсатқа жету жолындағы үздіксіз ізденістің маңыздылығын айтты. Қатысқан 9"А"сынып білім алушылары "Сан сұрақ"айдарында ұстаздарға сұрақ қойды. "Фотодағы тұлға кім?" атты сергіту ойыны ойнатылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Қапарова ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстел қонақтарына,білім алушыларға және математика пәні мұғалімі Г.Қарабаеваға, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ж.С.Қонысбекке алғысын білдіре отырып, түлектермен кездесудің жалғасын табатынын айтып, білім алушыларға сәттілік тіледі. Дөңгелек үстел Г.Қарабаева ұстазымыздың түлектерге кітап тарту етуімен аяқталды. Ұстаздарымызға шығармашылықтары биік шыңдарды бағындырып, телегей табысты болсын дейміз!