Жаңалық » Страница 56 » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 56
«Мамандықты қалай таңдау керек?» тақырыбында түлекпен кездесу
23
сентябрь
2022
«Мамандықты қалай таңдау керек?» тақырыбында түлекпен кездесу
Керімбай атындағы  мектеп-гимназиясында «Жомарт түлек»  жобасы аясында, мектеп түлегі Айтбеков Азат 9 "Ә" сынып білім алушыларына «Мамандықты қалай таңдау керек?» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында мамандық таңдау  жас түлек «Мен қалаймын», «Менің қолымнан келеді», «Маған керек» деп, өз қабілеттіліктерін, ішкі сенімдері мен нақты мүмкіндіктерін ескеру қажеттілігі жөнінде айтылды. Кездесуді ұйымдастырушылар (8 сынып жетекшілері ): Абишева Г. Ахметова Г. Әбдіқадір А.
“Мамандық-өмір таңдауы” атты сұхбат алаңы
22
сентябрь
2022
“Мамандық-өмір таңдауы” атты сұхбат алаңы
Керімбай атындағы 12 мектеп-гимназиясында 21.09.2022 ж 9 ә, 9 а сыныптар арасында ата-аналармен бірлескен “Мамандық-өмір таңдауы” атты сұхбат алаңы өткізілді. Іс-шараға ата-аналар тарапынан менеджер-маркетолог Шыраева Эльмира, қаржы маманы Байтиева Айнұр, медицина өкілі Нұралиева Гүлнұр қатысып, мамандық таңдау өмірлік баспалдақ бастауы екендігіне тоқталды. Білім алушылар мамандық таңдаудың маңыздылығын түсініп, қажетті ақпараттар алды. Мамандық таңдауда жауапкершілік, еңбексүйгіштік,
“Оқуға құштар мектеп” жобасы
22
сентябрь
2022
“Оқуға құштар мектеп” жобасы
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында 2022-2023 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдану, кітап мәртебесін арттыру мақсатында білім алушылар арасында “Оқуға құштар мектеп” жобасы жалғасын табуда.Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бір жолы- кітап оқу. Осы мақсатта 7 "Г" сынып білім алушылары да өз үлестерін қосуда.
#WorldcleanupDay
21
сентябрь
2022
#WorldcleanupDay
Жыл сайын әлем бойынша «World cleanup Day» дәстүрлі ауқымды акциясы өткізіліп келеді. Дүниежүзілік тазалық күні- бұл тұрмыстық қатты қалдықтардың жаһандық проблемасымен күресуге бағытталған жыл сайынғы әлеуметтік іс-қимылдардың жаһандық бағдарламасы болып табылады. ​Біз еліміздің әрбір өңірін жиналған қалдықтардан тазарта аламыз, сондай-ақ адамдардың қоршаған ортаның тазалығын сақтауға деген көзқарасын өзгерте аламыз және қоқысты одан әрі өңдеу үшін оны бөлек жинауды жаппай енгізуге серпін бере
"Қарттарым- асыл қазынам" атты мерекелік іс-шара
21
сентябрь
2022
"Қарттарым- асыл қазынам" атты мерекелік іс-шара
1 қазан Халықаралық Қарттар күні қарсаңында мектеп-гимназиямыздың өнерпаз Жасұландықтарының қатысуымен "Қарттарым- асыл қазынам" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: білім алушылардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлауға, инабаттылыққа, қамқорлыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.  Білім алушыларды қариялар жақсы қарсы алды. Балалар көңілді әндері мен билерімен қарттардың көңілдерінен шықты. Мерекелік шара соңында
Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана
21
сентябрь
2022
Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана
"Оқуға құштар мектеп жобасы " аясында  "Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана" деп Әбіш Кекілбаев айтқандай, Бүгін мектебіміздің 5 " Г" сынып білім алушылардың кітап оқу сәттерінен көрініс.  Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын кітаптары болды.
Мектеп Президенті болып  9 "Г" сынып білім алушысы Мамырбек Исламбек сайланды
20
сентябрь
2022
Мектеп Президенті болып 9 "Г" сынып білім алушысы Мамырбек Исламбек
Мектеп Президентін сайлау барысында кешегі дауыс беру қорытындысы бойынша екі үміткеріміз жоғары тең дауысқа ие болған болатын. Мектеп Парламенті көшбасшысын тағайындау үшін, бүгін дауыс беруді мұғалімдер арасында ғана жүргіздік. 44 мұғалім дауыс беруге қатысып, нәтижесі төмендегідей: 1. Амангельды Асем, 9 "Г" сыныбы, 16 дауыс; 2. Мамырбек Исламбек, 9 "Г" сыныбы, 28 дауыс. Сонымен, №12 мектеп-гимназиясының "Зияткер жастар" Парламентінің көшбасшысы - Мектеп Президенті болып  9 "Г" сынып білім
Мектеп Президентіне үміткерлер
20
сентябрь
2022
Мектеп Президентіне үміткерлер
Мектеп Парламенті көшбасшысы - Мектеп Президентіне дауыс беру бүгін таңғы 8:00-ден бастап сағ: 12:30-ға дейін жүргізілді. Үміткерлердің нәтижесі төмендегідей: 1. Әбдуғали Асылжан, 11 "Ә" сыныбы - 86 дауыс 2. Адил Хантөре, 10 "А" сыныбы - 71 дауыс 3. Қанатқызы Дана, 10 "Ә" сыныбы - 31 дауыс 4. Бекенова Жанерке, 9 "Ә" сыныбы - 60 дауыс 5. Мамырбек Исламбек, 9 "Г" сыныбы - 96 дауыс 6. Амангельды Асем, 9 "Г" сыныбы - 96 дауыс Дауыс беру нәтижесіне сәйкес екі үміткеріміз бірдей дауыс жинап отыр.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
20
сентябрь
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
Керімбай атындағы №12 мектеп -гимназиясында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында  5-11-сыныптар аралығында 9-сынып білім алушылары өздерінің оқыған кітаптарын насихаттап, оқуға шақырады.      Кітап оқығанның дүниетанымы мен рухани байлығы молығары сөзсіз. Әрбір білім алушылар кітап оқып, оқыған дүниелерін бөлісіп,  насихаттаса нұр үстіне нұр болары анық. Бұл жобаның маңыздылығы да сонда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ