Жаңалық » Страница 54 » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 54
Дауыстап оқу челленджін жолдаймыз.
06
октябрь
2022
Дауыстап оқу челленджін жолдаймыз.
“Бір ел - бір кітап 2022” республикалық акциясы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай “Қазына қалдырған қаламгер” дауыстап оқу челленджін жолдаймыз.
Ұстаз-мектептің жүрегі
05
октябрь
2022
Ұстаз-мектептің жүрегі
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында ұстаздар мерекесіне орай "Ұстаз-мектептің жүрегі" атты салтанатты іс-шара болып өтті. Мереке барысында мектеп-гимназия директоры Мұрат Жарылқапұлы жетістікке жеткен ұстаздардарды марапаттап, төл мерекелерімен құттықтады.
Өз таңдауыңды жаса!
05
октябрь
2022
Өз таңдауыңды жаса!
Қазақстан Республикасы президентінің сайлауы.
Дублер күні
04
октябрь
2022
Дублер күні
ҚР оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасының 08.09.2022 жылғы №02-2394 хатына сәйкес: мектеп-гимназиямызда 04.10.2022 жылы "Дублер күні" өткізілді. #ұстаздар_күні
Мектепішілік пәндік олимпиада!
03
октябрь
2022
Мектепішілік пәндік олимпиада!
 Мектеп-гимназиямызда информатика пәнінен 5-ші сыныптар арасында мектепішілік пәндік олимпиада болып өтті. Олимпиадаға жалпы 14 білім алушы қатысып, 6 білім алушы жүлделі орын иегерлері атанды.  Атап айтсақ: 1 орын - Нұрбек Есқат,  2 орын- Жомартқызы Жайна,Тулеген Батыр, 3 орын- Али Ернар,Мақсатұлы Марат, Бахыт Арайлым.         Мектеп- гимназиямыздың әдіскері Салтанат Альмухаммедқызы білім алушыларды марапаттап, алда биік белестерді бағындыруға өз тілегін білдірді.
Ұстаздар мерекесімен құттықтау!
03
октябрь
2022
Ұстаздар мерекесімен құттықтау!
Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан, Жансыздар әлдилеген шуақты арман. Жатталсын есімдерің жан жүректе, Адамның аяулы әні сияқталған. Ұстаздар мерекесіне орай, ардагер ұстазымыз Додабаева Гүлжайнат Исанқызын   9 "Г" сыныбы ұстаздар мерекесі мен құттықтап, ардагер ұстаздан бата алып қайтты! Гүлжайнат Исанқызына  білім алушыларымыз өз ыстық лебіздерін білдірді.  Сынып жетекшісі: Иманбердиева Л.Б
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
03
октябрь
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында #12  мектеп - гимназиясының  4" А " сынып білім алушылары кітап оқуға деген қызығышылықпен  және оқу белсенділігін арттыру, рухани  адамгершілік  құндылықтарын қалыптастыру мақсатында  Мұхтар Әуезов балалар кітапханасына барып  кітаптар оқыды. Келе жатқан  қала күніне байланысты Тараз қаласы туралы бейнефильмдер тамашалап, бір - бірімен ой бөлісті.
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
01
октябрь
2022
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
🔖🔖🔖Құрметті Керімбай атындағы №12мектеп-гимназия ұжымы, әріптестер! Сіздерді  кәсіби мереке мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!    🎉🎉🎉Білімді брендке айналдыру жолында қажырлы еңбек, жемісті шығармашылық, табанды төзімділік, сабырлы шыдамдылық тілейміз! 💐💐💐
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
30
сентябрь
2022
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Оқушыларыңыздың атынан сіздердің ең ізгі тілектеріңіздің орындалуын, сондай-ақ отбасыларыңызда әрқашан бейбітшілік, келісім, қуаныш пен жайлылық болсын. Есіңізде болсын, сізсіз бұл әлем әлдеқайда нашар болады, өйткені адамзатқа одан әрі дамуға үміт беретін мұғалімдер!
Семинар-кеңес!
30
сентябрь
2022
Семинар-кеңес!
Мектеп-гимназиямызда жас мамандарға кезекті семинар-кеңес болып өтті. Семинар-кеңесті «Өзгеріс енгізу» тобының мүшесі, мектеп-гимназия тренері Гүлзейнеп Бақтиярқызы жүргізді.      Гүлзейнеп Бақтиярқызы «Сапалы эссе жазудың тиімді жолдары» тақырыбында  таныстырылым жасады. Эссенің құрылымына тоқталып, тезис, ой тұжырымы, пікірге қатысты аргумент туралы түсінік берді.       Сонымен қатар , бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт білім беру үдерісін цифрландыруға тоқталды. Соның ішіндегі педагог