15
апрель
2021
Ұ.Қуатова қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қ.Жұмаділовтің "Тағдыр" романына ашық сабақ
Керімбай атындағы 12 мектеп-гимназиясының 10«ә» сынып білім алушылары қазақ әдебиеті пәнінен Қ.Жұмаділовтің “Тағдыр” романын өтіп жатыр.Жалпы қазақ халқының басынан кешірген ауыр бір кезең – екі империяның алаштың ата қонысы болған сайын даланы екіге бөліп, шекара сызығын жүргізген кезеңін арқау еткен. Романда алуан мінезді, алуан тағдырлы кейіпкерлер характері сомдалып, болмысы ашылады. Патшалық Россия мен Цин империясы Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы иеліктерін айқындап, енші бөлісуді ХІХ ғасырдың 80-жылдары ғана қолға алған болатын...Романның бас кейіпкері Демежан бейнесі білім алушыларға ой салып,тіпті олардың көзқарасын өзгертті. Осылай романның әр бөліміне шолу жасап, талдадық. Сіздерге де осы романды оқуды ұсынар едім.