Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияда "Жемқорлықсыз өмір балалар көзімен", "Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі" тақырыптарында сурет көрмелері ұйымдастырылды
"Smart bala" жобасы аясында информатика пәні мұғалімі Суйманова Құндыз "Кім жылдам" интеллектуалдық ойынын өткізді. Білім алушылар ойлау қабілетін дамыта отырып, бірнеше кезеңдермен ой бөлісті.
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы ҚР рәміздерін насихаттау барысында 6-7 сыныптар аралығында "Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары"атты тақырыбында эссе алынып,үздік жұмыстар анықталды. Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері